RU
Желіде хит болған суреттегі сарбаз Ұлттық ұланның сапынан кетті

Желіде хит болған суреттегі сарбаз Ұлттық ұланның сапынан кетті

Рассказать Вконтакте

Қазнетте кеңінен таралған кішкентай қызбен түскен суреттегі Ұлттық ұлан мүшесі Шамиль Мухитдинов армия қатарынан кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде хит болған суреттегі сарбаз Ұлттық ұланның сапынан кетті

Фото: Facebook/Саяжан Досжанов / Ұлттық гвардия

Әскери бөлімнің мәлімдеуінше, жас жігіт Отан алдындағы парызын өтеп, қазір зейнетке шыққан.

Қызмет барысында оған 10 күндік демалыс берілгені айтылды. Сонымен қатар, ол қызмет еткен уақытында ефрейтор атағын алған.

Ұлттық ұланның айтуынша, Шамиль Қазақстан халқына қызмет етуді жалғастыра береді, бірақ бұдан кейін полиция қатарында атасы мен әкесінің жұмысын жалғайды.

«Әскердегі алғашқы күндер оған оңайға соқпағанымен, ол құқық қорғау органдарында өткізген жылын әрдайым күліп еске алатын болады. Қалай болғанда да, бұл оның өміріндегі ең жақсы сәттердің бірі болды - дәл осы жерде ол армиялық өмір мектебінен өтіп, жетіліп, тәртіптің не екенін түсініп, өмірлік шешім қабылдап, болашаққа деген мақсатын айқындады», - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.

Айта кетейік, Шамиль маусым айында болған митинг кезінде желіде таралған фотодан кейін аса танымалдылыққа ие болған еді.

Кішкентай қыздың солдатқа бақбақ гүлін ұсынып тұрған суреті желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel