Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәретханадағы зорлық: Тараз білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Таразда оқушының мектеп әжетханасында зорлануынан кейін бірнеше қызметкер жұмысынан босатылды. Күні кеше Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева да өз еркімен арыз жазып, қызметінен кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мүбәрак Жинақбаева. Фото: aqparaq.kz
Мүбәрак Жинақбаева. Фото: aqparaq.kz: Twitter

Телеарнаның мәліметінше, денсаулығына байланысты осы айдың басынан бері емделіп жүрген Жинақбаева 12 жастағы қызға азғындық жасалған күні де ауруханада жатыпты.

Алайда оның сырқаты қызметте қалуына себеп бола алмады. Ол өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазған. Мүбәрак Жинақбаева мекемені екі жарым жылдай басқарған.

Еске сала кетейік, Таразда мектеп оқушысының зорлануы туралы ақпарат елді дүр сілкіндірді.

12 жастағы қыз сабақ уақытында дәретханаға шығып, сол жерде педофилдің құрбаны болған.

Полицейлер ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Оқушыны мектеп дәретханасында зорлаған азаматты анықтауға бейнебақылау камералары көмектескен.

Ұсталған ер адам 38 жастағы үйленбеген, бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған азамат болып шықты. Ол Тараз қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Бұл оқиғадан кейін облыстық білім басқармасының басшысы мен қала әкімі, мектеп директоры және бірнеше мұғалім қызметімен қош айтысқан.

Қалалық полиция басқармасы бастығы мен педофилді аулаға жіберіп қойған мектеп инспекторы да жұмысынан шеттетілген.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829186-drethanadagy-zorlyk-taraz-bilim-blimini-bassysy-kyzmetinen-ketti/

pixel