RU
"Манчестер Юнайтед" командасы Нұр-Сұлтанға ұшып келді (фото, видео)

"Манчестер Юнайтед" командасы Нұр-Сұлтанға ұшып келді (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Англиялық "Манчестер Юнайтед" клубы қазақстандық "Астана" командасымен матч өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына чартерлік ұшақпен ұшып келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"МЮ" ұшағы Нұр-Сұлтанға 27 қараша күні шамамен таңғы 4:20-да қонған. Әуежайда әйгілі команданы ондаған жанкүйерлері күтіп тұрған. Ал елорда қонақтарын 13 градус суықпен қарсы алған.

"Манчестер Юнайтед" делегациясына 100-ге жуық адам кірген.

Футболшылар, бапкерлер және клуб қызметкерлерімен бірге БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер де келіп жеткен.

Еске сала кетейік, "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы кездесу 28 қараша күні "Астана Арена" алаңында өтеді.

Осыған дейін Нұр-Сұлтандағы ауа райына байланысты ағылшын клубының ойыншыларына матч қарсаңында ұзақ уақытқа көшеге шықпау туралы нұсқау берілген еді. Матч болатын күні кешке астанада ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Айта кетейік, "Астанаға" қарсы матчқа "қызыл сойқандардың" орталық жартылай қорғаушысы Скотт Мактоминей қатыспайды. Бұған себеп футболшының аяғын жарақаттап алуы.

Сонымен команданың жартылай қорғаушысы Поль Погба мен Антони Марсьяльдің жарақатына байланысты бұл ойынға қатыспауы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel