Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкектің қақ ортасына Тоқаевтың суреті бар билборд ілінді (фото)

Опубликовано:

Бішкектің орталық көшелерінің біріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан көшбасшысы Сооронбай Жээнбековтің суреті және "Қырғызстанға қош келдіңіз" деген жазуы бар билборд ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Билборд қаладағы Шыңғыс Айтматов орталық даңғылында тұр. Ол Тоқаев Қырғызстан президенті резиденциясына баратын жолда автокөліктен көре алуы үшін сол бағытта ілінген. Суретте екі мемлекет басшылары қол алысып тұр.

Ал қаланың басқа қиылыстарында Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің тулары бейнеленген билбордтар тұр. Олардың ішінде Қазақстан да бар.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко: Original

Дегенмен, қалада Владимир Путин, Александр Лукашенко, Эмомали Рахмон сынды басқа президенттер мен премьер-министр Никол Пашиняннің суреті бар баннерлер байқалмады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келетін болғандықтан, оған жеке билборд жасалған. Ал Путин, Лукашенко, Рахмон мен Пашинян ҰҚШҰ отырысына 28 қараша күні қатысады.

NUR.KZ журналисі де мемлекет басшысының сапарынан хабар тарату үшін Бішкек қаласына келіп жетті.

Айта кетейік, 25 қараша күні Бішкектің орталық алаңында бір жарым сағатқа созылған жаппай бейбіт митинг өтті. Наразылық акциялары Бішкектің орталығындағы Ала-Тоо алаңында болды. Оған шамамен 300 адам қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829191-biskekti-kak-ortasyna-tokaevty-sureti-bar-bilbord-ilindi-foto/

pixel