RU
"Астанаға" қарсы ойнайтын "Манчестер Юнайтедтің" құрамы белгілі болды

"Астанаға" қарсы ойнайтын "Манчестер Юнайтедтің" құрамы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Әйгілі ағылшын клубы "Манчестер Юнайтедтің" "Астана" командасына қарсы матчтағы құрамы анықталды. Команда сапында жаңа 10 ойыншы бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Нұр-Сұлтанға ұшып келген команда құрамында 10 жас футболшы бар. Олардың кейбірі үшін бұл матч "МЮ" сапындағы алғашқы ойын болуы мүмкін.

Ал "Астанаға" қарсы матчта өнер көрсететін құрамның ең танымал мүшелері жартылай қорғаушы Люк Шоу және тәжірибелі жартылай қорғаушы Джесси Лингард.

"Манчестер Юнайтед" құрамы:

Қақпашылар: Ли Грант, Матей Коварж;

Қорғаушылар: Люк Шоу, Макс Тейлор, Аксель Туанзебе, Теден Менги, Дишон Бернард, Итан Лейрд;

Жартылай қорғаушылар: Джесси Лингард, Дилан Левитт, Итан Галбрейт, Арнау Пуигмал, Джеймс Гарнер, Тахит Чонг, Эйнджел Гомес;

Шабуылшылар: Мейсон Гринвуд, Ларджи Рамазани, Д'Мани Бугейл-Меллор.

Еске сала кетейік, "Астана" - "Манчестер Юнайтед" L тобындағы бесінші кезеңнің матчы 28 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:45-те басталады.

Англиялық клуб матчтың алдында мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне өтті. Ал қазақстандық құрама 1/16 финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, "МЮ" құрамасы бүгін чартерлік рейспен Нұр-Сұлтанға ұшып келді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel