RU
48 сағат бойы зиратта жатқан нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды

48 сағат бойы зиратта жатқан нәресте ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Үндістанда дәрігерлер зираттан табылған нәрестенің өмірін сақтап қалды. Жантүршігерлік оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Барели қаласында болған деп хабарлады KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Екі күн зиратта жатқан нәресте дәрігерлердің көмегімен аман қалды

Көрнекі фото: pixabay.com

Қормынан табылған сәби ауруханаға бір ай бұрын түскен. Оның дүниеге келгендегі салмағы шамамен бір келіні құраған. Қыз бала туғаннан бері тамақ ішпеген, сол себепті оның майлы тіндері болмаған.

Қазіргі уақытта нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Емделу барысында оның салмағы екі есеге көбейген. Ол бүгінде аурухана қызметкерлерін тани бастап, бөтелкеден тамақ ішетін болды.

Ал кісі өлтіруге күдікті деп танылған және 12 жасқа дейінгі баланы жалғыз қалдырып кеткен сбидің биологиялық ата-анасы әлі табылған жоқ.

Шамасы, ата-анасы қыз баланы мерзімінен бұрын дүниеге келген соң жерлеген. Ол матаға оралған сазды құмыраға салынып, 60 сантиметр тереңдікте зиратқа жерленіпті. Бала жер астында 48 сағат жатқан.

Ал нәрестені өзге ерлі-зайыптылар құтқарып қалған. Олар зиратқа өлі туған қыздарын жерлеу үшін келген екен.

Ал сәбидің жылаған дауысын естігенде бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

Тастанды баланы бағып алуға бірнеше адам ниет білдіруде. Олардың қатарында сәбиді тауып алған ерлі-зайыптылар мен ұнді халықтық партиясының Заң шығару жиналысының мүшесі Раджеш Мишра да бар.

Алайда әзірге олардың ешқайсысы бағып алу туралы жазбаша өтініш білдірмеген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel