Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индонезияда балаларды интернеттің шырмауынан шығару үшін балапан таратып береді

Опубликовано:

Индонезия билігі балаларды интернеттен алыстату үшін ерекше тәсіл ойлап тапты. Олар мектеп оқушыларының қызығушылығын өзгерту үшін балапан таратып шыққан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Getty Images

Ява аралының батысында орналасқан Бандунг билігі өткен аптада пилоттық бағдарламаны іске қосты. Олар жергілікті бастауыш және толыққанды емес орта мектеп оқушыларына екі мың балапан таратып берді.

Қала әкімдігі аталған бағдарлама мектеп оқушыларының интернетке тәуелділігін азайтатынына сенімді.

Кей оқушылар балапандарды өсіріп, олар жеуге болатындай күйге жеткенше қамқорлық жасаймыз деп отыр.

Ал екінші балалар тобы смартфонда ойнау әлдеқайда қызығырақ деп есептейді.

Индонезия балаларды интернет құлдығынан ажыратуды қолға алып жатқанда, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жаңа функциялар іске қосылып үлгеруде.

Мәселен, WhatsApp мессенджерін құрастырушылар хабарламаларды бірнеше уақыттан кейін автоматты түрде өшіретін функцияны сынамадан өткізіп жатыр.

"Хабарламаларды өшіру" опциясы Android операциялық жүйесіне арналған мессенджердің 2.19.348 бета-нұсқасында пайда болған.

Бұған дейін аталған функция басқа бета-нұсқада іске қосылып, "Жоғалатын хабарламалар" деп аталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1829199-indoneziada-balalardy-internetten-alystatu-sin-balapan-taratyp-beredi/

pixel