RU

Ақтөбеде ойлау қабілетінде ауытқулығы бар оқушы үш тәуліктен бері табылмай жатыр (фото)

Ақтөбе облысы Темір ауданы Бірлік ауылында мұғалімдер мен жақындары үйден білім алатын 17 жастағы оқушыны таппай жатыр. Жасөспірімнің хабарсыз кеткеніне үш тәуліктен асқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сүлейман Есеналиев. Фото: Ақтөбе облыстық ПД
Сүлейман Есеналиев. Фото: Ақтөбе облыстық ПД: Depositphotos

Кәмелеттік жасқа толмаған Сүлейман Есеналиев 24 қараша күні кешкі сағат 18:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Денсаулығындағы ауытқулыққа байланысты үйден білім алатын жасөспірімді іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз.

"Іздеу жұмыстарына 22 полиция қызметкері, 10 мектеп мұғалімі, әкімдік жұмысшылары мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жасөспірім туралы қандай да мәлімет білсеңіз 102 нөміріне немесе 8771 786 66 66, 8776 546 66 66 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз", - дейді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Жоғалған жеткіншектің бойы шамамен 170-175 см. Үйден шығарда ақшыл түсті тоқылған бөрік пен көк түсті қысқы күртеше, қара түсті шалбар киіп кеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда балалар үйінің 11 жастағы тәрбиеленушісі балалар үйіне қайтатын кезде қашып кетіп, кейін аман-есен табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1829209-aktbede-ojlau-kabiletinde-auytkulygy-bar-okusy-s-tulikten-beri-tabylmaj-zatyr-foto.html