RU
"Келесі жылға қалдырдық": Тәуекел Мүсілім биыл той жасамайтынын айтты

"Келесі жылға қалдырдық": Тәуекел Мүсілім биыл той жасамайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Миллиондаған арудың арманына айналған Тәуекел Мүсілім бүгінде сүйіктісіне сырға салып, шаңырақ көтерді. Сері өзінен жеті жасқа кіші аруды жар етіп таңдады. Алайда өнер иесі биыл үйлену тойын тойламайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы актер Гакку арнасына берген сұхбатында хабарлаған.

Өнер иесінің сөзінше, ол қомақты сомаға мүлік сатып алғандықтан биылғы жылы аста төк той жасамайтын болып шешкен екен.

"Жылжымайтын мүлікке қомақты қаражат салдым. Сол себепті асықпаймыз деп шештік. Келесі жылға қалдырдық (...)", - дейді Тәуекел Мүсілім өз сөзінде.

Cондай-ақ, актер жары екеуінің суретін Instagram-дағы парақшасына салып, кішігірім жазба қалдырды.

"Аллаға шүкір, Махаббатым жүрегімде. Кеше ағайын-туысқа беташар болды. Апамның алдынан өтіп, үлкендердің батасын алдық. Той бұйырса келесі жылы болады. Жақындарым, ешкім қалып қойған жоқ уайымдамаңыздар. Құттықтауларыңызбен жақсы тілектеріңізге рахмет!", - деп жазды актер.

Сонымен қатар шаңырақ көтергені жайлы тіс жармай келген сері халық алдында жеке өмірін сөз етуге не себеп болғанын да айтты.

"Ол кезде бірден халықтың қызығушылығын оятқым келген жоқ. Ал кеше менің туысқандарым келіп, шамамен 150-ге жуық адам барлығы ұялы телефонына түсіре бастады. Енді жасырып жүрудің мәні жоқ", - дейді өнер иесі.

Естеріңізге сала кетсек, Тәуекел Мүсілімнің неке қидырғаны жайлы ақпарат қараша айының басында тараған еді.

Ал күні кеше ақпарат расталып, өнер иесінің шаңырақ көтергені анықталды.

Сондай-ақ Тәуекелдің сүйіктісімен қалай танысқаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel