RU
Мирзиёевтің отбасы Өзбекстанда тағы бір әлемдік жұлдызды қонақ етті (фото)

Мирзиёевтің отбасы Өзбекстанда тағы бір әлемдік жұлдызды қонақ етті (фото)

Рассказать Вконтакте

23 қараша күні Instagram желісі арқылы танылған белгілі түрік қасапшысы, ресторатор Нусрат Гёкче Ташкент қаласына келді. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жанұясының қонағы болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ca-news.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нусрат келіп жеткен соң келесі күні Шавкат Мирзиёевтің үлкен күйеу баласы өз туған күнін атап өтті. Үкіметтік шенеуніктердің айтуынша, ол меншікті мерекеде президенттің күйеу баласына жасалған ең үлкен сыйлық болған.

Нусрет Гёкченің Ташкентке сапары туралы айтқан шенеунік оның бір күнге кешіккенін жеткізді.

"Оны чартерлік рейспен әкелді. Ұшқыштар бір күн күтті. Келесі күні Ойбек Турсуновтың (Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласының) туған күні болды. Маған белгілісі, оны туған күнге қонақ ретінде шақырған", - дейді шенеунік.

25 қараша күні Гекче өз Instagram парақшасында Ташкентке қалай жеткенін және оны қалай қарсы алғанын жариялаған.

Бейнежазбалардан қасапшының пісте мен жүзім, анар толы себет тұрған жекеменшік ұшақта отырғанын, ал ташкенттік әуежайда оны сазды әуен мен гүл ұстаған сұлу қыздар күртіп алғанын аңғаруға болады.

Ал келесі видеода аспаз үшін арнайы қосылған "әндететін" субұрқақтар байқалады.

Сонымен қатар, Гекче Мирзиёевтің ұлы Әлішер пен немересі Миромонды құшақтап тұрған суретін жариялап, "менің бауырларыммен бірге" деп жазды.

Фото: сa-news.org

Фото: сa-news.org

Айта кетейік, бұған дейін Мирзиёевтің күйеу балалары әлемдегі ең сымбатты араб ханзадасын қонақ еткен еді.

Сонымен қатар елде Хабиб Нурмагомедовтың құрметіне де аста-төк дастархан жайылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel