RU

Күйеуі төрт рет тапанша кезеген әйел адам аман қалды

Бразилияның Итакуатиаре қаласындағы дүкендерінің бірінде отбасылық жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Кадрдан ер адамның өз жұбайына тапаншадан бірнеше рет оқ атқаны, алайда қарудағы ақау әйел адамның өмірін аман алып қалғанын көруге болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Келіншек күйеуінің өзіне төрт рет оқ атпақ болғаннан кейін аман қалды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Бейнебақылау камераларында 31 жастағы Этьемерсон де Соуза Мура есімді ер адам бейнеленген. Ол осы дүкенде жұмыс істейтін жұбайына келіп, оның жанында өкпелеп тұрғанын көруге болады.

Бір кезде ер адам күтпеген жерден қалтасынан тапанша алып шығып, әйелінің басына кезеп тұрады. Алайда шүріппені басқа кезде ешқандай дыбыс шықпайды. Қуанышқа қарай, қаруда ақау пайда болып, тапаншадан оқ атылмай қалған.

Десе де ер азаматты бұл келеңсіз жағдай тоқтатпайды. Ол төрт рет оқ атуға талпынғаннан кейін бесінші рет тапаншадан оқ атылған. Алайда ол жұбайына тимейді. Сол кезде ер адам тапаншамен әйелдің басынан ұрып, қашып кетеді.

Ал ер адамның жанында тұрған өзге келіншек оқ ешкімге тиіп кетпес үшін оны арқасынан тартып, алып кетпек болған еді. Алайда ол бәрбір арам ойын іске асырып, дүкеннен асығыс шығып кеткен.

Полиция Де Соузды іздеп тауып, қамауға алды. Ол енді сот алдында жауап беретін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1829231-jeline-trt-ret-tapansa-kezgen-er-adamny-karuynan-ok-atylmady.html