RU
Жапониялық косметологтар жасанды бет терісін жасап шығарды

Жапониялық косметологтар жасанды бет терісін жасап шығарды

Рассказать Вконтакте

Жапондықтар бет терісін алмастыратын спрей жасап шығарылды. Онық құрамында ұсақ талшықтар және ерекше сұйықтық бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Аталмыш спрей бет терісіне жабысып, мың миллиметр қалыңдықта қабық жасайды.

Құрастырушылардың айтуынша, мембрана майысуға икемді әрі кез келген бағытқа созыла береді. Мамандар спрейдің теріге ешқандай зияны жоқ екенін айтады. Өйткені, талшықтар ішінде микроскопиялық аралық бар. Ол ауа мен су өткізуге мүмкіндік береді.

Косметологтардың пікірінше, жаңа өнімдегі қабықшада су ұзаққа сақталатындықтан, ол теріні үнемі ылғалдандырып тұрады.

Жапонияда бұл өнім 2020 жылдан бастап онлайн-сатылымға шығарылмақ. Оның құны - 58 мың йен немесе шамамен 205 218 теңге. Мамандар жасанды теріні лосьон түрінде де шығармақ. Ол спрейге қарағанда арзанырақ болады деп күтілуде.

Өндіруші компания өкілдерінің айтуынша, бұл спрейді медицина саласында да қолдануға болады.

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ-та күйікті емдеу үшін теріге арналған бағаналы жасушалармен қаныққан спрей қолданылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel