RU
Үндістанда дәрігерлер науқастың ағзасынан 60 есе үлкен бүйректі алып тастады (фото)

Үндістанда дәрігерлер науқастың ағзасынан 60 есе үлкен бүйректі алып тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Үндістанда дәрігерлер 56 жастағы азаматтың денесінен аса үлкен бүйректі алып тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ганга Рам ауруханасының баспасөз қызметі

Фото: Ганга Рам ауруханасының баспасөз қызметі

The Guardian ақпараты бойынша, адам бүйрегінің салмағы 120-150 грамм, ал ұзындығы 12 сантиметр болуы қажет. Ал науқастың бұл мүшесінің салмағы 7,4 келі болса, ұзындығы 45 сантиметрді құрайды.

Сирек кездесетін дерт- бүйректің аутосомды-доминантты поликистозды ауруына шалдыққан азаматқа екі сағаттық ота Дели қаласында Ганга Рам атындағы ауруханада жасалды.

Бұл дертпен ауыратын адамның дене мүшесі үлкейе түседі. Ал науқас азаматтың бүйрегі үлкейгені соншалық, оған дем алуға кедергі келтірген екен. Ақырында ақ халаттылардың бүйректі алып тастаудан басқа амалы қалмапты.

Ота үстеліне өткен айда жатқан азаматтың бүгінде жағдайы жақсы. Қазір ол өзін жақсы сезінуде, бүйрек ауыстыруды күтіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін қытайлық дәрігерлер 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесін көрсетіп, желі қолданушыларының үрейін ұшырған еді.

Белгілі болғандай 52 жастағы ер адам ауруханаға түсіп, біршама уақыттан кейін көз жұмған. Ол донор болып тіркелгендіктен, бірден операцияға жіберілген.

Алайда, науқастың өкпесін алып шығып, тексерген дәрігерлердің бұл донордан бас тартуларына тура келген. Себебі оның өкпесі алмастыруға келмейтіндей өте нашар күйде болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel