RU
Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының жарыққа шықпай қалған клипін көрсетті (видео)

Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының жарыққа шықпай қалған клипін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіде кенже ұлы Заңғар Нұртастың жарыққа шықпай қалған бейнебаянын жариялады. Белгілі продюсер клип неліктен көрермен қауымға жол тартпағанын түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде өткен жылдан бері шығармашылыққа ден қойып, хитмен ағасымен ән айтып жүрген кіші ұлы жайлы сөз етті.

Айтуынша, Заңғар тіпті елдің сынынан кейін намыстанып, бұл жолы гастрольдік сапардан да бас тартқан екен.

"Клиптің түсірілімі ұнамай, жарыққа шығармай қалдырып едім. Кей кездері жұмыстары сәтсіз шығып, ұнамай қалатын кездер де болып тұрады. Зая кеткен еңбектер ғой. Кішкентай ғана жүрек қой жүрек.
Сахнаға Қайраттың мысығы мен күшігі ғана шықпай қалды деп мін таға берген соң, намыстанып Қайратпен бармай қалып қойды концерттерден осы турдан. Намысқой өзі. Алла бақ берсін" , - деп жазды ол өз парақшасында.

Ал желі қолданушылары клипіне қатысты өз бағасын беріп үлгерген. Бірі Заңғардың шығармашылығын қолдап жатса, енді бірі оны сынға алған.

Сіздің реакцияңыз
9
3
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel