RU

Әлемдегі ең қымбат тағамдар жайлы не білесіз

Telegram logo VKontakte logo

Біз үшін қарапайым болып қалған өнімдердің әлемде қымбат түрлері бар екенін білесіз бе? Мәселен, көк түсті тұшпара, картоп, сиыр еті секілді тағамдардың бағасы кей жерде бірнеше мың долларға дейін жетеді деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Көк түсті тұшпара

Әлемдегі ең қымбат тұшпараны Нью-Йорктегі "Golden Gates" мейрамханасынан табуға болады. Бұл жерге ресейлік эмигранттар жиі келеді.

Көк түсті тұшпараның құрамына арқан балық, шошқа және бұзау еті кіреді. Ал оның қамыры көк түсті бояғыштан емес, факел балығынан жасалады. Таза өнімнің арқасында тұшпара жасыл-көк түске боялады.

Мейрамханадағы тұшпараның бір порциясында 8 дана бар. Оның құны - 2200 доллар. 16 данасын аламын десеңіз, 4400 доллар төлеуге дайын болыңыз.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Жаңғақ

Макадамия жаңғағы әлемдегі ең қымбат жаңғақтардың бірі. Бүгінде ол өте пайдалы әрі көптің қолы жете бермейтін азық.

Макадамия ағашы жүз жылға дейін жеміс бере алғанымен, жақсы күтімді талап етеді.

Сол себепті үнемі қиындықтар туындайтындықтан, жылына 40 тонна ғана макадамия теріледі. Нәтижесінде жаңғақ өсетін мемлекеттерде оның 1 келісі 30 доллар тұрады.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Шафран

Шафран әлемдегі ең қымбат қоспа болып саналады. Ол қолдан өндіріледі. Біріншіден сұрыпталып, кептіріледі.

Бір келі шафран өндіріп алу үшін жарты миллион аталық жинап алу қажет. Мұндай өнімнің бір келісі 6000 доллардан асып кетуі мүмкін.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Ақ трюфель

Бұл деликатес үшін нақты сома белгісіз. Себебі әрқайсысы аукционда сатылады. Оның рекордты бағасы 30 мың еуроны құраған.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Қара шоколад

Chocopologie by Knipschildt — әлемдегі ең қымбат шоколад. Бұл қара шоколадтың отаны АҚШ, оның 453 граммы 2600 доллар тұрады.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Картоп

"La Bonnotte" әлемдегі ең қымбат картоп. Оның бір келісі 500 еуроны құрайды. Ол Нурмуатье аралында өседі.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Сиыр еті

Жапондық Вагиу сиырларының еті әлемдегі ең қымба сиыр еті болып саналады. Олар күнделікті сыра мен сәкі ішіп, ең үздік сұрапыталған шөпті жейді.

Бүгінде бұл жануарлар Австариляда да бар. Еуропада аталған сиырдың 200 грамм еті 100 доллар, ал ең балғын жерлері 1000 долларға дейін жетеді.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Қуырылған жұмыртқа

Экзотикалық омлет нью-йорктік "Le Parker Meridien" қонақ үйінде сатылады. Дәл осы жерде әлемдегі ең қымбат қуырылған жұмыртқаны жеуге болады.

Оның құны 1000 долларға жетеді. Құрамына лобстер де кіреді. Жұмыртқа қуырылған картоптың үстіне қойылып, уылдырықпен әсемделдеді.

Әлемдегі ең қымбат тағамдарды білесіз бе

Фото: bigpicture.ru: UGC

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Әлемдегі ең қымбат тағамдар жайлы не білесіз