Выйти
RU

Жыл соңына дейін 57 мың қазақстандықтың несиесі кешірілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қанша қазақстандық банктік несиені төлеу үшін мемлекеттік көмек алатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ведомство басшысының ақпаратынша, шамамен 57 мың елдің тұрғындары қарыздарды өтеу мәселесінде мемлекеттің қолдауына ие бола алады.

Министр несиелік жеңілдіктердің Қазақстан президентінің тапсырмасымен жасалғанын еске салды. Оны бес категориядағы азаматтар алған. Алайда Нұрымбетов мұндай акцияның бір реттік екенін атап өтті.

Шенеуніктің хабарлауынша, ресми нормативті құқықтық құжаттарға сәйкес, акция 4-қыркүйекте аяқталған. Алайда көптеген қазақстандықтарға көмек қажет болғандықтан, құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылған.

Ведомство басшысы туыстықты растайтын құжаттары жоқ адамдар үшін белгілі бір проблемалар туындағанын айтты. Дегенмен министрлік аталған қиындықтарды екі айдың ішінде шеше алыпты.

1-қарашаға дейін шамамен 57 мың қазақстандық құжаттарын тапсырып үлгерген. Олар 9,4 млрд теңге бөліну жоспарланып отырған несиелік жеңілдіктерді ала алады.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған азаматтардың несиелік борыштары өтелетін болады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жыл соңына дейін 57 мың қазақстандықтың несиесі кешірілмек
Mailfire view pixel