RU
Той көйлегін киіп алған Төреғалидің кіші қарындасы елді қызықтырып қойды (фото)

Той көйлегін киіп алған Төреғалидің кіші қарындасы елді қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындастары биыл ел аузында. Бірі жақында спортшы жігіттің жары атанғалы жатса, екіншісі той көйлегімен түскен суретімен елді қызықтыруда. Желі қолданушылары жұлдызды отбасының кенжесі Дина Әлихан әпкесінің артынан бірден тұрмысқа шықпақ деген болжам жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің қарындасы Instagram желісіне қалыңдық көйлегімен түскен суретін жариялап, тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын жазған

"Қыз бала үшін өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі өз бақытын тауып, абыроймен, ақ көйлегін киіп ұясынан ұшу. Тек Алланың қалауымен ғана тағдырына жазылған сәтте, бірі 18 жаста, енді бірі 20-30 жастарында өмірлік серіктерін тауып жатады. Мәселе жаста емес, ең бастысы, маңыздысы абыроймен артық әңгімелерсіз, ата-анаға ұят сөздер емес мақтау сөздер естіртіп кету деп ойлаймын" , - дейді Дина Әлихан.

Оған қоса, жазбасының соңында бойжеткен оқырмандарына "қыз баланың мансап қуғаны дұрыс па, әлде уақытысында теңін тауып кеткені дұрыс па?" деген сауал қойды.

Ал өзі арулардың жар атануын құптайтынын жеткізді.

Динаның аталмыш суреті мен екі ойлы жазбасы желідегілер арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік өнер иесінің екі қарындасы да тұрмысқа шыққалы жатыр деген болжам жасауға кірісті.

"Сенде тұрмысқа шығайын деп жатырсың ба?" , "Бақытты бол, тәтті қыз" , "Әпкеңізден қалыспйын дедіңіз бе?" , "Дина да жар атанбақшы, жарайсың" , "Қай жаста болсын, қыздың тұрмысқа шыққаны дұрыс" , "Күйеуге шығайын деп жатырсың ба?" , "Тек қана бақыт тілейміз, сенің тілекшіңбіз" , "Сондай жарасымды сізге" , "Қайда асығасыңдар? Ерте емес пе?" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel