Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Еліміздің Ішкі істер министрлігі жол апатының жиілеуіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: Хабар 24
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

Өткен аптада Қазақстанда 210 жол оқиғасы орын алған. Қайғылы жағдайларға жылдамдықты арттыру, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау себепкер болыпты. Жол апаты салдарынан 39 адам қаза тауып, 289 адам жарақат алған екен.

Бұл жағдайлар тізбегі Ішкі істер министрлігінің алаңдаушылығын тудырып отыр. 

Ведомство баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апаттардың негізгі себебі- жол ережелерінің сақталмауы. Қайғылы оқиғаға көбінесе жылдамдықтың артуы, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау және оларды елемеу әкеп соққан.

Осы орайда ведомство ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді сақтау керектігін ескертеді.

Мәселен:

  • Қысқы немесе тікенекті шиналар орнату;
  • Көлікті жылыту және әйнектердің жылу үрлеу жүйесін тексеру;
  • Суыту жүйесіндегі сұйықтықтың минус температурасы кезінде пайдалануға жарамдылығы мен жай-күйін тексеру;
  • Дизель қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін қысқы дизель отынын пайдалану.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829254-iski-ister-ministrligi-trgyndarga-ndeu-zasady/

pixel