RU
Динара Сәтжан әйгілі Джимми Чуге қазақ шапанын сыйға тартты (фото, видео)

Динара Сәтжан әйгілі Джимми Чуге қазақ шапанын сыйға тартты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан дүниежүзіне әйгілі аяқ киім дизайнері Джимми Чуге қазақ шапанын жапты. Сән әлемінің жұлдызы өзіне сыйға берілген қазақтың ұлттық киіміне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде тележүргізушілік қызметінен гөрі сән саласына бет бұрған Динара Сәтжан танымал малайзиялық дизайнермен Куала-Лумпур қаласында кездескен. Олар кезекті сән апталығы аясында бас қосты.

Аты жер жаратын сән саласының майталманымен қауышқан отандық жұлдыз оған қазақ шапанын сыйға тартуды жөн санаған. Ол Джимми Чудың үстіне заманауи нақышта тігілген қазақтың ұлттық шапанын жапқан.

71 жастағы дизайнер мұндай ерекше сыйлыққа қатты таңғалып, қазақстандық тележүргізушіге өз алғысын білдірді.

Динара Сәтжан өз кезегінде сән әлемінің жұлдызын көктемде Қазақстанға қонақ болып келуге шақырды.

Отандық кәсіпкер әйел Instagram парақшасында аталмыш кездесу барасында жасалған суреттер мен видеолармен бөлісті.

Бейнежазбалардан шапанды қуана-қуана киіп алған дизайнердің Динарамен құшақтасып суретке түскенін көруге болады.

Оған қоса, Сәтжан әйгілі Джимми Чудың асқан қарапайымдылығына тәнті болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
9
0
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel