Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда ғимаратты күзетіп тұрған екі полицей бірін-бірі атып өлтірді

Опубликовано:

Грузияның батысындағы Цагери ауданында екі полиция қызметкерінің арасында жанжал туып, бір-біріне оқ атқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Грузияға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Оқиға салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды. Жергілікті прокуратура болған жайтты Грузия Бірінші арнасына растаған.

Ведомствоның ақпарынша, Батыс Грузия прокуратурасының тергеу бөлімінде қылмыстық кодекстің қасақана өлтіруді қарастыратын 108-бабы бойынша тергеу басталды.

Таралған деректерге қарағанда, атыс салдарынан Цегери ауданының екі полиция қызметкері қаза тапты, тағы бір адам жараланған.

Алдын ала ақпарат бойынша, тәртіп сақшылары Ладжана ауылындағы Әділет үйінің қоғамдық орталық ғимаратын күзеткен. Екеуінің арасында жанжал туып, бір-біріне бас жұмсаған, артынша қызметтік қаруларынан оқ атқан.

Полиция қызметкерінің бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі ауруханаға жетіп көз жұмды. Оқ жарақатын алған тағы бір адам ауыр хәлде. Ол жанжалдасқан екі полицейді ажыратуға тырысқан көрінеді.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысының Кеңқияқ ауылында тәртіп сақшыларының өзара жанжал шығарғанын хабарлаған болатынбыз.

Сол кезде Aktobenews.kz басылымы жазғандай, полицейлер ауылдың ортасында қырқысып, кейін елді мекеннің шет жағына кетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1829268-gruziada-gimaratty-kzetip-trgan-eki-policej-birin-biri-atyp-ltirdi/

pixel