RU
"Ұят болады деді": Элизат Берікова орындалмай қалған арманы туралы айтты

"Ұят болады деді": Элизат Берікова орындалмай қалған арманы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Элизат Берікова тойына қатысты өкінішін жайып салды. Анықталғандай, әнші ару үйлену тойында өзі таңдап, әрі бар жан дүниесімен қалаған қалыңдық көйлеген кие алмай қалған. Оның себебін өнер иесінің өзі түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Элизат Берікова Instagram парақшасында орындалмай қалған арманы жайлы мұңын шақты.

"Дәл осы той көйлегін қатты алғым келгені әлі есімде. Мен бұл көйлекке ессіз ғашық болдым. шешкім келмеді. Үйлену тойым қараша айында суық кезде болды. Ал мына көйлек жазда киілетіндей болып көрінді. Оның үстіне аздап, денем көрініп қалатын жерлері болды. Сонымен алмайтын болдық.
Кқңіл-күйім түсіп, үйге келдім. Есімнен кетпей қойды. Анама көрсеткен едім, ол да маған "болмайды қаншама үлкен кісілер болады, ұят болады’’ - деді ғой. Осылай арманым орындалмай қалды" , - деп жазды әнші.

Желідегілер Элизат Беріковаға қолдау білдіріп, тойында киіп шыққан басқа көйлегі де аса ерекше әрі әдемі болғанын айтты. Кейбір оқырмандар оның армандаған көйлегін ерсі санап, оны кимегені дұрыс болды деп топшылады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel