Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың сынынан соң елорданың бас санитарлық дәрігері қызметінен кетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов өз еркімен қызметінен кетті. Оның мұндай шешім қабылдауына президент тарапынан айтылған сын себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәдуақас Байғабылов. Фото: ОКҚ
Сәдуақас Байғабылов. Фото: ОКҚ: Facebook

Маманның сөзінше, Нұр-Сұлтанның тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметінен кетуге шешімді өзі қабылдаған. Шенеуніктің айтуынша, мемлекет басшысы сын айтқан соң, кез келген мемлекеттік орган жетекшілері осылай істеуі керек.

Байғабыловтың сөзінше, департаменттегі жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді. Одан бөлек ол ведомствоға қатысты оқиғаларды дер кезінде жариялағаны үшін барлық БАҚ өкілдеріне, сын айтып, қолдау білдірген қалалық интернет парақшаларға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, департаменттің бұрынғы басшысы "мемлекет басшысының сынына ілінбес үшін" бөлім басшылары желідегі хабарламаларға жауап беруде белсенділік таныту керектігін атап өтті.

Еске сала кетсек, елордада темір жол ауруханасының ғимаратында бірнеше мәселелер болып, оны мемлекет басшысы сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829281-tokaevty-synynan-so-elordany-bas-sanitarlyk-drigeri-kyzmetinen-ketti/

pixel