RU
"Таңғалудың қажеті жоқ": Кіндігін көрсеткен Назым Әбілдина жұртқа жақпай қалды

"Таңғалудың қажеті жоқ": Кіндігін көрсеткен Назым Әбілдина жұртқа жақпай қалды

Рассказать Вконтакте

Атышулы "Кешью" тобының бұрынғы мүшесі Назым Әбілдина желіде сынға қалды. Бүгінде жеке әншілігін шыңдап жүрген ару парақшасына кіндігін ашып түскен суретін жүктеймін деп елден оңбай сөз естіді. Бойжеткеннің фотосын қызу талқыға салған көпшілікке оның қылығы аса ерсі көрінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назым Әбілдина басын дауға қалдырған суретті өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Онда ол ішін ашып, жалпақ жұртқа кіндігін көрсетіп түскен. Фотоның астындағы жазбаға сәйкес, әнші ару өз жанкүйерлерімен бар болғаны жаттығуларының нәтижесімен бөліспек болған.

Алайда, бар дене бітімін паш еткен ару оқырмандарынан жаттығу залындағы ерен еңбегінің жетісігіне қатысты жағымды пікірлер мен мақтаулар ала алмаған. Керісінше, желі қолданушылары кіндігін көпке көрсеткен жас өнерпазды аяусыз сынап тастады.

"Мұндай фото салудың не қажеті бар еді?" , "Мұны жарияламағаның дұрыс еді" , "Ұят қайда?" , "Қазір бұндайға таң қалудың қажеті жоқ. Себебі бел тұрмақ, көкірегін көрсетіп жүргендер бар" , "Қазақтың қыздары шешіне бастаса, Еуропа арулары керісінше киіне бастады" , "Өтініш, өшіріп тасташы" , "Қазақ қыздарына кіндік көрсетуге болмайды. Жаман болады деуші еді. Тектінің ұрпағысың, өзің білесің әрине. Бірақ, абай бол. Тіл көзден аман бол" , "Бүгін кіндігіңді көрсетсең, кейін не көрсетесің?" , "Жиіркенішті, қарай алмаймын" , - , деп жазған оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel