RU
Ақжарқын Тұрлыбай елге қашан қайтарылады

Ақжарқын Тұрлыбай елге қашан қайтарылады

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігі Қытайда қамауда отырған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов

Фото: адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев соттың соңғы шешімі әлі шықпағанын жеткізді.

Вице министрдің пікірінше, онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

"Соттың соңғы отырысы қыркүйек айында болған. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Біз соны күтіп отырмыз. Соттың шешімі шыққаннан кейін экстрадициялауға болады. Тәртіп бойынша оның туған-туыстары бас прокуратураға Ақжарқынды экстрадициялау туралы өтініш хат жолдайды. Соның негізінде бас прокуратура Қытайдағы контр әріптестерге сұрау салады. Олар өз кезегінде сотталған адамды бере ме, жоқ па, өздері шешеді. Оң шешім болса, экстрадиция жасалады", - деді ол.

Нұрышев Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайтынын білдірді.

Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

"Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс", - деп атап көрсетті Нұрышев.
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel