RU
Албанияда жойқын жер сілкінісі болып, 25 адам қаза тапты

Албанияда жойқын жер сілкінісі болып, 25 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Албанияда магнитудасы 6,4 баллды құраған жойқын жер сілкінісі болды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жерасты дүмпулері ел астанасы Тирана мен Дуррес қалаларында қаттырақ сезілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Фото: "Говорит Москва" telegram арнасы

Фото: "Говорит Москва" telegram арнасы

Әзірге табиғи апаттан 25 адамның қаза тапқаны белгілі болды, 600-ден астамы жарақат алған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Бірнеше ғимарат құлаған, қирандылар астында тағы да адмдар болуы мүмкін.

Албания премьер-министрі Эди Раманың айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына Италия, Грекия, Франция, Түркия, Сербия, Черногория мен Косоводан құтқарушылар жұмылдырылады.

Мемлекет басшысы Илир Мета Тирана орталық госпиталіне барып, жарақат алғандардың жағдайын біліп қайтты.

Соңғы деректерге қарағанда, Дуррес қаласында ондаған адам әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында қалып отыр.

Еске сала кетейік, былтыр Индонезида болған жер сілкінісі мен оған жалғасқан цунами салдарынан 832 адамның қаза тапқанын хабарлағанбыз.

2018 жылғы 28 қыркүйекте Индонезияда магнитудасы 7,4 баллды құраған жойқын жер сілкінісі орын алған еді. Осыдан соң Сулавеси аралында орналасқан Палу қаласында цунами болды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel