RU
Қазақстан президентін Жээнбеков резиденциясы қалай қарсы алды (фото)

Қазақстан президентін Жээнбеков резиденциясы қалай қарсы алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Бішкекте мемлекеттік сапармен жүр. Елге келгеніне бірнеше сағат өткен соң, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысының резиденциясы "Ала-Арчаға" келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Ұшақтан бауырсақпен қарсы алған соң Сооронбай Жээнбеков пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы да бір салтанатты рәсімі бар.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Келіссөздерге кіріспес бұрын, Тоқаевты төселген қызыл кілем, оркестр, құрметті қарауыл және мемлекеттік әнұрандармен салттанатты түрде қарсы алады.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Сооронбай Жээнбековтың резиденциясы келген қонақтардың таза ауамен демалып, күнге жылынуы үшін тау бөктерінде орналасқан. Қарсы алу салтанатын ашық аспан астында, табиғатта өткізеді.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Тоқаев пен Жээнбеков қызыл кілемнен өтіп, әнұрандарды тыңдап, Қазақстан мен Қырғызстан елшілерімен сәлемдесіп, артынша бірге фотоға түсу үшін Конгресс орталық ғимаратына аттанған.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Алда президенттер аз құрамда келіссөздер жүргізеді. Содан кейін екі елдің мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтеді.

Кездесу қорытындысы ретінде, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков бірге мәлімдеме жасайды.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкектегі президент резиденциясына келуіне таңертеңнен бері ерекше дайындық жүргізілгені хабарланды. Оның келерінен бірнеше сағат бұрын кілемдер төселіп, тулар ілініп, бірнеше рет әнұрандар мен марш дайындықтан өткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel