RU
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Манзоровтың ісіне қайта шағым түсіреді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Манзоровтың ісіне қайта шағым түсіреді

Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін 3 қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісіне қатысты Бас прокуратураның шешіміне шағымдарын жалғастыруға ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ведомствоның шағымдарды жалғастыру үшін барлық дәлелдері бар екенін және олардың заң бойынша осыған құқылы екенін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін желіде Алматы облысының әкімі Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Бұдан кейін Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

28 қазанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, "тапсырыс" болғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдіріп, ешқандай "тапсырыс" болмағанын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel