RU
"Вертолетпен жұмысқа бару трэнд": Артур Төлепов елді күлкіге қарық қылды

"Вертолетпен жұмысқа бару трэнд": Артур Төлепов елді күлкіге қарық қылды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Артур Төлепов өз қиялында Қазақстанның болашағын қалай елестететінін айтып, елді әбден күлдіртті. Өнер иесі 2020-2030 жылдары өмірдің түбегейлі жаңа заманауи деңгейге өткенін қалайтын болып шықты. Ол тіпті, қазақтар жұмысқа тек қана тікұшақпен ұшып баратын уақыт келетінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Артур Төлепов болашақ жөніндегі фантастикаға толы ойымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол болашақта қандай өмір болғанын қалайтынын тізіп айтып берген.

"2020 - 2030 жыл екен. Әрбір қазағымның басында коттедж бар екен. Кептеліске толы. Bugatti мен Ferrari, Пах шіркін вертолетпен жұмысқа бару трэнд екен. Еліміздің тоқтамай өндірілген автокөліктерін, сонау️ Италия, Испания, Бразилия алып жатыр екен.
Ағылшындар болса жүр демалып Көлсайда, Катонда. Әр қаламыз туризмге байып жатыр екен. Ал енді, қазағым жүр ақшасы тасып қалтасында, бәсе үйдің бәрін алып жүр екен ғой шет елдерден ғана. Ауырса басың қазағым, ақшаңды қайда жұмсарыңды білмей ауырсын" , - деп жазды актер.

Төлеповтың бұл жазбасы желідегілерді күлкіге қарық қылды. Көпшілік әншінің ерекше ойлау қабілетін аса жоғары бағалап, күліп тоқтай алмай жатқанын айтты. Оған қоса, желіде Артурдың қолында ұстап тұрған пакеті қызу талқыға түскен. Оқырмандар бағалы көліктің қасында мұндай күйде тұрған актерге күлкілі пікірлерін жарыса қалдырған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel