RU
"Жын кірген": Беташарда ерсі қылық жасаған "қайын аға" көпке жақпай қалды (видео)

"Жын кірген": Беташарда ерсі қылық жасаған "қайын аға" көпке жақпай қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде келіннің "Беташар" рәсімінен видео тарады. Аты аталған сәтте ақша салуға шыққан "қайын ағаның" әрекеті желідегілердің ашуына тиген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Көпшіліктің ашуын туғызған бұл видео Instagram желісіндегі kudalar парақшасында жарияланған.

Бейнежазбадан асабаның "Байғалидің ағасы - Файзулла!" деп шақырғаны анық көрінеді. Ақша тастауға шыққан "қайын аға" келіннің сәлем салғанына қарамастан, ақшасын көрсетіп, билеуге кіріседі.

Осылайша ер адам ақшаны бірнеше рет тастап, келген қонақтарға "сиқыр" көрсетеді.

Ал, ерсі видеоны көрген оқырмандар ондағы кейіпкерлерді сөгіп тастаған.

"Өздері куртка киіп алыпты,келін әбден тоңды ғой. Киімдері қазақша, өлеңі шет елше, үлкендер қайда?", "Қазақтың салт дәстүрі ғой бұл. Күлкіге айналдырмау керек...", "Салт дəстүрімізді қор қылды-ау мыналар. Жын кірген ба іштеріне?", "
Жарыместер, мұндайлар көбейсе әлі жаназаны да күлкіге айналдырар. Тоқтату керек мұндайды. Асабаларды да қатаң сынақтан өткізу керек", "Келін түсіргендегі беташарды бұлай сайқымазаққа айналдыру тексіздік! Басқа сөз жоқ!", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
34
7
1
1
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel