RU

Нұр-Сұлтанда мәслихат депутаты қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты әрі депутаттық өкілеттілік және этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және халықпен жұмыс жөніндегі комиссияның мүшесі ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ведомство таратқан хабарламасында қамауға алынған депутаттың "Стар Тайм" ЖШС коммерциялық директоры екені де айтылған. Қазіргі уақытта ол елордалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр.

Алдын-ала берілген мәліметтерге сәйкес, күдікті Ауыл шаруашылығы министрлігі "ҚазАгро" холдингі" АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесіне 20 миллион теңгені ұрлауда көмек көрсеткен болуы мүмкін.

Бұл сома Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды сатып алу кезінде ауылшаруашылық өндірушісінен ұрланған деген болжам бар.

Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін 3 қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ісіне қатысты Бас прокуратураның шешіміне қайтадан шағымданбақ ниетте екені хабарланған.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ведомствоның шағымдарды жалғастыру үшін барлық дәлелдері бар екенін және олардың заң бойынша осыған құқылы екенін айтты.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда мәслихат депутаты қамауға алынды
Mailfire view pixel