Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қырғызстан президентіне Назарбаевтың сәлемін жеткізді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі Ала-Арша резиденциясында келіссөзжер жүргізуде. Оның барсында Тоқаев Қырғызстан президентіне Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, өзінің құрметті адамдармен бірге келгенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко: Original

Қазақ-қырғыз қарым-қатынасының жетістіктерін атап өткен Тоқаев Қазақстанның көршілес мемлекетпен әріптестікті тереңдетуге кепілдік беретінін мәлімдеді.

Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко: Original
"Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың орнауы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты. Құрметті Сооронбай Шарипович, сізге сол кісінің дұғай сәлемі мен жылы лебізін жеткіземін.
Екі елдің өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығының дамуына қосқан сіздің жеке үлесіңізді де жоғары бағалаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев екеуіңіз 2017 жылы саяси ерік-жігер танытып, екі ел үшін зор маңызға ие мемлекеттік шекараның құқықтық мәртебесін белгілеудің соңғы кезеңін аяқтадыңыздар", – деп мәлімдеді Қазақстан президенті Жоғары мемлекетаралық кеңестің бесінші отырысында.
Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко
Фото: NUR.KZ/ Алена Бутенко: Original

Ол сондай-ақ ынтымақтастықты ары қарай дамыту мақсатында өзімен бірге «тұлғалы делегация» алып келгенін атап өтті. Олардың арасында президент көмекшілері, министрлер мен әкімдер бар.

Айта кетейік, Тоқаевпен бірге Бішкекке Смайылов, Тұрғымбаев, Әшімбаев, Омаров, Аймағамбетов, Біртанов, Атамқұлов, Сұлтанов және басқа да шенеуніктер ұшып барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829328-tokaev-kyrgyzstan-prezidentine-nazarbaevty-slemin-zetkizdi/

pixel