RU

Жақында тұрмыс құратын қарындасымен билеген Төреғали елді сүйсінтті

Telegram logo VKontakte logo

Желіде отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің жақында тұрмысқа шыққалы жатқан қарындасы Фаризамен билеп жатқан видеосы тарап кетті. Әнші алдағы уақытта өзге отбасыға келін болып түсетін қарындасын қимай жүрген көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Төреғали Төреәлінің қарындасымен билеген сәті Youtube желісінде жарияланған.

Бейнежазбада өнер иесі өз үйіне келген Фаризаны құшағына қысып, бетінен сүйгенін байқауға болады. Артынан әншінің қыздары ағасы мен қарындасының билеп жатқанын көріп, оларға қосылып кетті.

Аталмыш видеоны көрген желі қолданушыларының көбісі "Ұлы дала баласының" көзінен қарындасына деген қимастықты байқаған. Оған қоса, өнер иесі осыдан бір-екі күн бұрын ғана Абу-Дабиден оралған Фаризаны сағынып қалған болар деп болжады.

Айта кетейік, Фариза Төреәлі Араб әмірлігіне болашақ жолдасы Дархан Нортаевқа қолдау көрсетуге барған.

Танымал спортшы джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында жүлделі екінші орынға ие болып, еліне күміс сыйлады.

Оның жеңісі туралы алғашқылардың бірі болып қалыңдығы хабарлаған. Фариза әлеуметтік желіде көпшіліктен сүйінші сұрап, сүйіктісін жер-көкке сыйғызбай мақтаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Жақында тұрмыс құратын қарындасымен билеген Төреғали елді сүйсінтті