Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Бішкек тас жолында жүк көлігі ер адамды қағып өлтірді (фото)

Опубликовано:

Алматы-Бішкек тас жолының 49-шы шақырымында жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенше, оқиға орнында көз жұмды деп хабарайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Алдын ала деректер бойынша, Volvo маркалы жүк көлігі Алматы қаласына қарай келе жатқан. Қайғылы оқиға тас жолдың 49-шы шақырымында орын алды.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы жолдың жарықтандырылмаған бөлігінде орын алған.

Жүргізушінің айтуынша, жаяу жүргіншінің үстінде қара киім болған, сол себепті қараңғыда оны байқамай қалған.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Тиелген жүк көлігі ер адамды бірнше ондаған метрге ұшырып жіберген. Ол жедел жәрдем бригадасы келмей тұрып, оқиға орнында жан тапсырды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: UGC

Еске сала кетейік, былтыр Алматы қаласында жолдың жарықтандырылмаған бөлігінде орын алған жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші қаза болғанын хабарлағанбыз.

Рысқұлов көшесінің бойымен батыс бағытта жүріп бара жатқан Honda CRV автокөлігі жолды белгіленбеген жерден қиып өткен жүргіншіні байқамай қағып кеткен. Шамамен 35 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлердің сөзінше, жолдың бұл бөлігінде жарық жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1829334-almaty-biskek-tas-zolynda-zk-kligi-er-adamdy-kagyp-ltirdi-foto/

pixel