RU
Семейде 11 сынып оқушысы түнгі клубта шешініп тастап, билеген (видео)

Семейде 11 сынып оқушысы түнгі клубта шешініп тастап, билеген (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде жақын күндері түнгі клубта киімдерін шешіп тастап билеген бойжеткеннің видеосы тарап кеткен еді. Белгілі болғандай, оқиға Семей қаласында орын алған екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Arnapress.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Аталған оқиғаны жергілікті полиция қызметі де растап отыр. Айтуларынша видеодағы бойжеткен қаладағы мектептердің бірінің 11-сынып оқушысы екен. ⠀

"25 қарашада Instagram әлеуметтік желісіндегі интернет-ресурсты мониторингтеу барысында, кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің 343 квартал мекенжайы бойынша түнгі клубтардың бірінде болғаны анықталды.
Оқиғаны зерттеу барысында, кәмелет жасына толмаған қыз баланың Курчатов қаласының, 2002 жылғы Б. есімді оқушысы екені анықталды", - деп жазылған құзырлы орган жолдаған баспасөз-хабарламасында.

Сондай-ақ, оның қалаға анасымен бірге келгендігі, одан "Ирина Қайратқызының шоуына" қатысу үшін, клубқа сұранғандығы белгілі болған.

"Кәмелет жасына толмаған Б. 21:00-де клубқа келіп, онда байқауға қатысқан. Байқау шаттары бойынша ол сыртқы киімді шешу керек болған. Аталған әрекетті клубқа келген өзге қонақтар түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген.

Сонымен бірге, кәмелет жасына толмаған Б. есімді бойжеткен "коктейль В12" деп аталатын ішімдікті де ішкен", - дейді ведомство өкілдері.

Аталған факт бойынша қазіргі таңда қыздың анасына қатысты 442 баптың 1 тармақшасына сәйкес анасына қатысты әкімшілік хаттамалар жазылған. Сонымен бірге қыз балаға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ түнгі клуб иесі де әкімшілік жазаға тартылған. Оған 132 баптың 1 тармағына мен 200 баптың 1 тармағына сәйкес, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Сіздің реакцияңыз
32
6
6
2
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel