RU
Білім вице-министрі жалақысының мөлшерін жария етті

Білім вице-министрі жалақысының мөлшерін жария етті

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғари өз қызметінде қанша жалақы алатыны жөнінде мәліметпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рүстем Биғари. Фото: primeminister.kz

Рүстем Биғари. Фото: primeminister.kz

Айтуынша, оның айлық жалақысы өзге вице-министрлердің жалақыларынан ерекшеленбейді: айына ол 640 мың теңе алады екен.

Ол мемлекеттік қызметкерлердің жалақылары жөнінде толығырақ ақпарат білгісі келетіндерге "Әділет" ресурсына кіріп көруді ұсынды. Оның айтуынша, сол жерде барлық санаттағы шенеуніктердің жалақы мөлшері көрсетілген.

"Оны сұраудың қажеттілігі де жоқ, егер ақпараттық жүйеден іздеп көрсеңіз, барлығы ашық жазылған", – деп мәлімдеді вице-министр журналистерге.

Айта кетейік, Рүстем Биғари білім және ғылым вице-министрі қызметін былтырғы маусым айынан бері атқарып келеді. Оның PhD докторы атағы мен 20 жылдық еңбек өтілі бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова да өзінің айлық табысын жариялаған болатын.

Шенеунік журналистерге мемлекеттік қызметтегі жалақы арнайы жүйе бойынша есептелетінін, оған еңбек өтілі кіретінін түсіндірді. Вице-министрдің айына 600 мың теңге жалақы алатыны белгілі болды.

Бұған дейін ол Назарбаев зияткерлік мектебінде директордың орынбасары болып қызмет еткен.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel