RU
60 жастан асқанда жыныстық қатынасқа түсу қауіпті ме

60 жастан асқанда жыныстық қатынасқа түсу қауіпті ме

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Мичиган университетінің ғалымдары жыныстық қатынас жасы егде тартқан адамдардың өмірне қалай әсер ететінін анықтаған. Олар сондай-ақ 60-тан асқандар жыныстық қатынасқа жиі түсетінін дәлелдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ u-f.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай БАҚ беттерінде жасы егде тартқан адамдардың жыныстық қатынасқа түсуінің пайдасы мен зияны жайлы көп жазыла бермейді екен. Алайда ғалымдар 70-тен асқан әйелдер мен ерлердің 13 % жыныстық қатынасқа түсетінін мәлемдеген.

Осылайша Мичиган университеті мамандары аптасына бір жыныстық қатынасқа түсу ерлерге қауіпті екенін дәлелдеген. Олар төсек қатынасы инсульт пен жүрек талмасына себеп болатын стенокардия мен гипертонияға ұшыратуы мүмкін деген болжам айтқан.
Ал әйел жасы егде тартқан әйел адамдарға жыныстық қатынас керісінше пайдалы болып шықты. Олардың айтуынша, төсек қатынасы қан қысымын жөндеп, жүрек ауруларының алдын алады екен.

Ал төсек қатынасы кезінде көз жұмғандар бар болғаны 1% болып шыққан. Оның ішінде төсек қатынасынан қайтыс болғандардың 10%-ы әйелдер болса, 90%-ы ер адамдар болған. Сонымен бірге егде жастағы ерлердің жұбайымен емес, өзінен бірнеше жас кіші әйелдерге көзі түсетіні анықталған.

Жыныстық қатынас кезінде көз жұмғандардың дені жыныстық қатынастан емес, көзге шөп салудан болған күйзелістен, ішімдікті көп ішуден, сондай-ақ кездесу барысында тамақты мөлшерден тыс көп ішуден болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel