RU
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз басшысын Қазақстанға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз басшысын Қазақстанға шақырды

Рассказать Вконтакте

Бішкектегі "Ала-Арша" резиденциясында Қазақстан президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қырғызстан құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Құрмет қарауылын аралап өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін "Ақсақалдар" залында шағын құрамда келіссөздер өткізді.

Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы, сондай-ақ, халықаралық құрылымдар аясындағы көптеген мәселелерді қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, оның қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан президенті өзінің Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін атап өтіп, екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екенін айтты.

Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel