RU
Ақтөбеде «Тәуелсіздік - жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

Ақтөбеде «Тәуелсіздік - жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласы үш тілде білім беретін №21 орта мектепте ағымдағы жылдың 27 қарашасында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бойынша жүзеге асырылды.

Ақтөбеде «Тәуелсіздік - жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Өнер фестивалінің негізгі мақсаты - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей, өскелең ұрпақты туған жерге, Отанға, қазақ тіліне, қазақ халқының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру және оқушылардың бойында еліміздің рухани құндылығы – төл өнерімізге, оның ішінде шешендік, жыршылық, ақындық өнерге деген қабілеттерін шыңдау, нағыз таланттарды насихаттау, қолдау, патриотизмге тәрбиелеу.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді насихаттауды жандандыру, мектеп оқушылары арасынан сөз өнеріне жақын, тілге шешен, ділмар таланттарды іздеп табу.

Ақтөбеде «Тәуелсіздік - жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Фестиваль аясында «Таза, мінсіз асыл сөз...» шешендік өнер байқауы, «Көмейден жыр ағылсын...» жыршылар байқауы, «Тәуелсіздік тартуы» бала ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Фестивальға Ақтөбе облысынан басқа БҚО, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар облыстарымен қатар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан үздік шыққан 5-11 класс оқушылары, барлығы 27 талантты өнерпаз қатысты.

Ақтөбеде «Тәуелсіздік - жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Фестиваль қорытындысында келесідей өнерпаздар үздік шығып, жүлделі орындарға ие болды:

«Таза, мінсіз асыл сөз...» шешендік өнер байқауы бойынша

Бас жүлде Асығатұлы Шыңғыс, Павлодар облысы

1 орын Ибрагим Мадина Бекжанқызы, БҚО

2 орын Тұрсынбай Назым Алтайқызы, Қостанай облысы

3 орын Елеусіз Манас Мерекеұлы, Ақтөбе қаласы

«Көмейден жыр ағылсын...» атты жыршылар байқауында

Бас жүлде Омар Ерсұлтан Бекзатұлы, Нұр-Сұлтан қаласы

1 орын Сабитова Амира Нариманқызы, Ақтөбе қаласы

2 орын Оразғали Асхат Қонысбайұлы, Атырау облысы

3 орын Әдебова Нұрсила Ақылбайқызы Қостанай облысы

«Тәуелсіздік тартуы» атты бала ақындардың мүшәйрасы бойынша

Бас жүлде Қанжарұлы Мадиасқар, Маңғыстау облысы

1 орын Айдарбек Аружан Тұрсынбайқызы, Ақтөбе

2 орын Қабдыхамитов Ернар Мирамханұлы, Қостанай

3 орын Саулет Нұршапағат Ерғанатұлы, Павлодар

Ақтөбеде «Тәуелсіздік - жыр-әнім» республикалық шығармашылық фестивалі өтті

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel