RU
Моуринью "нәтижелі пас" берген болбойға ерекше алғысын білдірді (видео)

Моуринью "нәтижелі пас" берген болбойға ерекше алғысын білдірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана Англияның "Тоттенхэм" футбол клубының бас бапкері болған Жозе Моуринью аутқа кеткен допты тездетіп футболшыларға жеткізіп берген болбойға (алаң сыртына шыққан допты жеткізетін адам) алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ eurosport.ru-ға сілтме жасай отырып.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Айта кетейік, болбой аутқа кеткен допты тездетіп алаңға жеткізіп берген соң, "Тоттенхэм" футболшылары жылдам шабуылдарын жалғастырып, есепті теңестіріп кеткен болатын.

Бұл оқиға бүгін түнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Тоттенхэм" мен "Олимпиакос" арасындағы матчта орын алды.

Лондондық "Тоттенхэм" өз алаңында гректердің "Олимпиакос" футбол командасын қабылдады.

Кездесудің екінші таймында 1:2 есебімен ұтылып жатқан ағылшындар оң қапталмен жылдам шабуыл өрбітті. Алайда, доп қарсылас ойыншысына тиіп, аутқа кеткен.

Сол сәтте алаң шетінде тұрған болбой допты бірден "Тоттенхэм" қорғаушысы Серж Орьеге лақтырып, футболшы оны шабуыл өтіндегі Лукас Моураға жылдам асырды. Осылайша, оң қапталмен жылдамдығын үдеткен бразилиялық допты Гарри Кейнге дәл жеткізіп, нәтижесінде англиялық есепті теңестірді.

Ал команданың бас бапкері Моуринью болбойды құшақтап, шабуылға атсалысып, "нәтижелі пас" бергені үшін алғысын білдірді.

Сөйтіп, аталған матчта 0:2 есебімен ұтылып жатқан лондондық команда ойын барысын өз бақылауларына алып, ақыры 4:2 есебімен қарсыластан басым түсті.

Осылайша, Жозе Моуринью "Тоттенхэмнің" бас бапкері ретінде Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel