RU
Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекіт жазушы Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапарының мәдени іс-шаралар бағдарламасы аясында президент Сооронбай Жээнбековпен бірге қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды.

Қазақстан президенті қаламгердің 22 жыл бойы тұрған үйінде ашылған музейдегі жәдігерлермен танысты.

Жазушының әйелімен және баласымен әңгімелесу барысында Қазақстан президенті  Шыңғыс Айтматовпен 1989 жылы Пекинде танысқан сәтін еске алды.

Мемлекет басшысына Бішкек қаласында Шыңғыс Айтматов атындағы мәдени орталық ашылатыны туралы айтылды.

Экскурсия соңында мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкектегі президент резиденциясына келуіне таңертеңнен бері ерекше дайындық жүргізілгені хабарланды. Оның келерінен бірнеше сағат бұрын кілемдер төселіп, тулар ілініп, бірнеше рет әнұрандар мен марш дайындықтан өткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel