RU
Роналдудың ізбасары Еуропаның ең үздік жас футболшысы атанды

Роналдудың ізбасары Еуропаның ең үздік жас футболшысы атанды

Рассказать Вконтакте

Португалия құрамасы мен мадридтік "Атлетико" шабуылшысы Жоау Фелиш Еуропаның 2019 жылғы ең үздік жас футболшысы атағын жеңіп алды. Дауыр беру нәтижесінде Криштиану Роналдудың жерлесі әрі ізбасары Джейдон Санчоны артта қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Дауыс беруді Tuttosport басылымы 21 жасқа дейінгі футболшылар арасында жүргізді.

Оған спорт журналистері қатысты.

Еуропаның ең үздік жас футболшысы атағын жеңіп алған футболшы жазғы ауысым кезінде "Атлетико" ойыншысы атанған. "Бенфика" шабуылшыны мадридтік клубқа 126 миллион еуроға сатты.

Фелиш 332 дауысқа ие болды.

Екінші орынды 175 балл жинаған Англия мен "Боруссия" футболшысы Джейдон Санчо місе тұтты.

Үшінші орынды "Байер" ойыншысы Кай Хаверц алды.

Еуропалық үздік клубтар көз тіккен шабуылшы Эрлинг Холанн тізімнің төртінші сатысына жайғасты.

Өткен жылы осы атақты жеңіп алған "Ювентус" қорғаушысы Маттейс де Лигт алғашқы бестікті қорытындылады.

Айта кетейік, бұл жүлдені Уэйн Руни, Лео Месси, Килиан Мбаппе сынды футбол жұлдыздары жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel