RU
АҚШ химзауытындағы жойқын жарылыс: Билік 60 мың адамды эвакуациялауда (фото, видео)

АҚШ химзауытындағы жойқын жарылыс: Билік 60 мың адамды эвакуациялауда (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Америкалық Техас штатының Порт-Нечес қаласында екі жойқын жарылыс болды. Төтенше жағдай мұнайхимикалық зауытта орын алған. Билік жедел түрде жергілікті тұрғындарды эвакуациялауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Хабарланғандай, ірі жарылыс TPC Group компаниясының мұнай өңдеу зауыттарында болған. Соққы толқыны қуаттылығы сошалық, 50 шақырым жерде орналасқан үйлердің терезесі сынып кеткен деп мәлімдеді KFDM теларнасы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Төтенше жағдай нәтижесінде қаза тапқан адам жоқ. Жергілікті билік мұны ғажайыпқа балап отыр.

Алғашқы жарылыс 28 қараша күні түнде орын алды. Бірнеше сағаттан кейін екінші жарылыстың даусы шықты деп хабарлайды CNN.

Белгілісі, төтенше жағдай орын алғанда зауытта 100 қызметкер жұмыс істеп жатқан.

Жарылыс салдарынан үш адам зардап шекті. Олар дене күйігімен ауруханаға жеткізілді.

Жарылыстан кейін өртке ұласқан жерде қазір өртке қарсы қызметкерлер жұмыс істеуде, ал желі қолданушалыр оқиға орнынан суреттер мен видеолар таратып жатыр.

Дегенмен, жергілікті билік ауа ластануы әлі нормадан аспағанын айтады. Соған қарамастан, қала тұрғындарын, әсіресе кәсіпорынға жақын тұратын адамдарға үйінен кетуді сұрайды.

CNN мәліметінше. зауыт қасында 50 мыңнан аса халқы бар төрт қала бар. Тұрғындардан бөлек,Гровс, Недерланд және Порт-Артур қаласының солтүстік бөлігінде тұратын халықта үйді тастау қажеттілігі туындап тұр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel