RU
"Алматыметроқұрылыс" басшысы ұсталды

"Алматыметроқұрылыс" басшысы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы метро жаңа станцияларының құрылысына байланысты жағдай жаңа сипат алды. Оңтүстік астанада өткен баспасөз конференциясында "Алматыметроқұрылыс" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовтің ұсталғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

27 қараша күні оңтүстік астанада баспасөз конференциясы өтіп, шахтерлар жаңа станциялар құрылысындағы мәселелерді баяндады.

Компания қызмекерлері компания басшысының ұсталуына байланысты инвесторлар жобадан бас тартады және еңбекақы төлеуде мәселелер туындайды деп алаңдап отыр.

Компанияның басқарушы директоры Батыр Адайбаевтың сөзінше, дәл ұсталған Реимов компанияның қаржылық сұрақтарын шешіп, толық процессті басқарған.

Қайрат Реимовтің ұсталуы туралы ақпаратты Тengrinews.kz агенттігіне оның адвокаты Әлімжан Оралбай растады.

Қорғаушының сөзінше, 27 қараша күні ұсталған Реимов істе күдікті ретінде танылып отыр.

Оған қатысты бұлтартпау шарасы әлі таңдалмаған. Адвокаттың пайымдауынша, Реимов екі-үш күннен кейін босатылады.

"Алматыметроқұрылыс" басшысының ұсталғанына қатысты Zakon.kz басылымына компанияның басқарушы директоры Батыр Адайбаев пікір білдірді.

Ол екі істің де ойдан шығарылғанын айтып, бұл жағдайдың жұмыс барысына кері әсер тигізетінін алға тартты.

Айта кетейік, метрополитен құрылысы өткен айдың ортасында талқыға түсті. Ол кезде де шахтер баспасөз конференциясын жинаған. Олар компания басшысына қатысты жағдайдан соң "Сары-Арқа" мен "Достық" жаңа станциялары эксплуатацияға 2021 жылдан кейін берілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel