RU
Павлодардағы қанды оқиғаға прокуратура қызметкері баласының қатысы болуы мүмкін

Павлодардағы қанды оқиғаға прокуратура қызметкері баласының қатысы болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Полиция Палодардағы мектеп оқушыларының төбелесіне прокуратура қызметкерінің баласының қатысы бар деген ақпаратты тексеруде. Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Айта кетейік, кеше Павлодарда мектеп оқушылары төбелесіп қалып, нәтижесінде біреуі пышақ жарақатымен жансақтау бөліміне жеткізілді. Полиция екі жасөспірімнің арасында жанжал туғанын, оның бірі күдікті екенін жеткізді.

Ресми деректерге сүйенсек, төбелеске 15 және 16 жастағы екі мектеп оқушысы қатысқан. Ал кейбір мәліметтерге қарағанда, оқиғаның қатысушылары әлдеқайда көп болған.

Дереккөздің ақпарынша, екі мектептің жоғары сынып оқушылары арасында өшпенділік бұрыннан пайда болған. Бірі екіншісінен ақша бопсалаған. Ал ақша беруден бас тарқан кезде, ол мәселені жұдырықтың күшімен шешуге тырысқан.

Осылайша, төбелес қанды оқиғамен аяқталды. Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының айтуынша, олардың біреуі төбелес кезінде пышақ шығарған. Нәтижесінде 2004 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Екеуі өштесіп қалған. Пышақтың қайдан шыққанын анықтайтын боламыз. Бопсалау факті әзірге анықталған жоқ. Тергеу жүргізіледі", – деді Павлодар облысы ПД басшысы Нұрлан Максимов.

Ауыр дене жарақатын салу факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицияның мәліметінше, төбелеске прокуратура қызметкерінің баласының қатысы бар деген ақпарат тексерілуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel