RU
Мөлдір Әуелбекова ұлының үш жасқа толуын қалай тойлады (фото)

Мөлдір Әуелбекова ұлының үш жасқа толуын қалай тойлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова ұлының үш жасқа толуын ерекше атап өтті. Өнер иесі Салтайдың туған күніне орай мерекелік кеш жасап, қонақ күткен. Баласының дүниеге келген күнін тойлаған әнші көңілді отырыстың суреттерімен желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әуелбекова Instagram парақшасында ұлының туған күніндегі ерекше сәттермен бөлісіп, оқырмандарын қуантып қойды. Анықталғандай, әнші Салтайдың үш жасқа толуын дүбірлі той жасап тойлауды құп көрмеген.

Мөлдір баласының жеке мерекесін тек ет-жақындары мен достарының арасында өткізген. Бұл бас қосуға шақырылған қонақтар да өз перзенттерін ерте келді.

"Салтай құлынымның туған күнін тойладық! Келген қонақтар әсіресе бала шағамыз дән риза" , - деп жазды Әуелбекова.

Желі қолданушылары отандық әртістің ұлын жаңа жасымен құттықтап, оған жүрекжарды тілектерін арнауда.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова 2016 жылы Арыстан есімді азаматпен көңіл жарастырып, отбасын құрған болатын. Алайда, 2017 жылы ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткені белгілі болды. Олардың Салтай есімді ортақ ұлы бар.

Бұл жағдайдан соң, әнші қайтадан Алматыға көшіп кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel