Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәттілігімді тартып алды": Жігітімен айырылысқан арудың жолы болмай жүр

Опубликовано:

Бойжеткен бірнеше жыл бойы жүрген жігітімен айырылысқаннан кейін өмірінде келеңсіз жағдайлардың орын алғанын сөз етті. Айтуынша, ол жұмысынан айырылып, денсаулығы да сыр берген екен. Ал ер адамның керісінше, ісі алға басқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сәттілігімді тартып алды": Сүйіктісімен айырылысқан бойжеткен жолы болмай кеткенін сөз етті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ару басындағы жағдайымен Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында бөлісті.

"Жасым 25-те, 4 жыл бойы бір жігітпен кездесіп жүрдім. Оны кездестіргенде өмірім жайнай түсті. Ең керемет жұмысқа тұрдым, көлік сатып алдым. Оның үстіне сүйгенім де жақсы адам болды. Бірақ арада бір жағдайлар болып, екеуіміз айырылысып кеттік. Содан кейін өмірімде қара жолақ пайда болды. Үнемі жолым болмай кетті.
Сүйгеніммен бірге менің сәттілігім де бірге жоғалғанын байқадым. Онымен айырылысып кеткеннен кейін бір айдан соң жұмыстан еш себепсіз қуылдым. Ал көлігімді қатты сырып алдым. Бірақ өзім көп жылдық тәжірибем бар. Бұрын соңды ешқашан қарыз алмағанмын. Ал қазір қарыздан қарызға өмір сүріп келемін. Оған қоса денсаулығыммен де қиындықтар туындады", - дейді ару.

Сылқымның сөзінше, ол төрт айдан бері жұмыс таба алмай, су жаңа көлігін сырып алыпты. Ал ер адам арумен айырылысқаннан кейін ісі алға басып, пәтер алып, енді үйленгелі жүр екен.

Арудың айтуынша, бұрынғы ғашығы оның сәттілігін тартып алған секілді.

"Төрт айға жуық жұмыс іздеп жүрмін. Бірақ әңгімелесуден артық ешқандай өзгерістер болып жүрген жоқ. Басқа қарым-қатынас құрып көрмек болғам, бірақ сәтсіз. Айырылысып кеткеннен кейін рухани тоқырау болды. Жақында таныстарымнан оның жұмыста жетстікке жетіп, Астанаға ауыстырылғанын білдім. Пәтер сатып алып, енді үйленбекші екен.
Менің сәттілігім онымен бірге кеткен бе сонда? Менімен кездесіп жүрген кезде үнемі жолы болмай, қиындықтардан көз ашпайтын. Білемін, өмірім өзімнің қолымда. Бірақ мына жағдайдың сонша уақытқа созылғанынан сескеніп отырмын", - деп көпшіліктен ақыл сұрады бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829406-sttiligimdi-tartyp-aldy-zigitimen-ajyrylyskan-arudy-zoly-bolmaj-zr/

pixel