RU
"МЮ" бапкері "Астанамен" кездесуге команда жұлдыздары неге келмегенін айтты

"МЮ" бапкері "Астанамен" кездесуге команда жұлдыздары неге келмегенін айтты

Рассказать Вконтакте

Англияның "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер команданың басты жұлдыздары неліктен Нұр-Сұлтанға келмегенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Манчестер Юнайтедтің" азулы ойыншылары келмегенімен, команданың бас бапкері аталған матчта жеңіске жетуге мүдделі екендерін жеткізді.

Sports.kz басылымы жазғандай, Сульшер "Астанамен" өтетін матчта жас футболшыларды сынап көруге бел буған.

Оның айтуынша, "Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасының қазіргі кезеңіндегі негізгі міндетін орындап қойған – команда плэй-оффқа шықты.

Енді ол клубтың жас ойыншыларына мүмкіндік беру қажет деп есептейді. Себебі, маңызды ойындарда олардың алаңға шығуға мүмкіндігі бола бермейді.

"Бұл оларға өздерін көрсету үшін үлкен мүмкіндік", – дейді команданың бас бапкері.

Оның айтуынша, жас футболшылар Еуропа лигасында ойнап, тәжірибе жинауы керек. Оларға мұндай мүмкіндік күнде берілмейді.

Сульшер сондай-ақ кейбір ойыншыларға демалыс қажет болғанын атап өтті.

Manchester Evening News-тің мәліметі бойынша, "Астанамен" өтетін матчта "Манчестер Юнайтедтің" үш жас футболшысы жасыл алаңға алғаш рет шығады. Ағылшын клубының қақпасын Давид де Хеаның орнына Ли Грант қорғайды.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Англияның "Манчестер Юнайтед" клубы қазақстандық "Астана" командасымен матч өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласына чартерлік ұшақпен ұшып келді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel