Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Қазақстанды тану отырып» жобасы Қазақстанға не берді

Опубликовано:

Осы жазда республикада алғаш рет «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» АҚ қолдауымен Жастар жылымен ұштастырыла отырып жасалған «Қазақстанды тану отырып» жобасы іске асырылды. Жоба төрт деңгейден тұрады. Олардың әрқайысысы нақты тапсырманы – билік пен блогерлер арасындағы диалогты реттеу, шетелдік туристерді тарту және видеоблогингті таратумен айналысады. Шараның қорытындысы жайлы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

«Қазақстанды аша отырып» жобасы Қазақстанға не берді
Сурет: NUR.KZ: Facebook

Жоба аясында «I am from Qazaqstan» атты видеожұмыстар байқауы өтті. Бұл қазақстандық және шетелдік блогерлердің еліміздің ең көрікті жерлеріне жасаған блог-саяхаты, блогерлердің аттас форумы және қазақстандық блог кеңістігінің ең жарқын тобы.

Ведеожұмыстар байқауы

Ведеожұмыстар байқауы Қазақстанда 1 маусымнан 13 тамызға дейін өтті. Қатысушылар өзінің қаласы немесе ауылы жайлы влог форматында видео түсіріп, байқау сайтында өтінім қалдыру керек болған. Өз жұмыстарында видеоблогерлер туған өлкесінің сұлулығын көрсетіп, көрнекі жерлердің тарихымен бөлісті.

Байқауға қатысуға 1 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Олардың 231-і бірінші іріктеуден өтті, ал 15-і финалистердің қысқа тізіміне енді.

Дидар Муратовтың Алакөл жайлы түсірген видеоролигі ең ұздік влог атанып, 1 млн теңге ұтысты ұтты. Ал екінші орын мен 500 мың теңгеге Дмитрий Москаленко ие болды. Ол «Ақ Бауыр»: Аспан мен Жердің арасы» атты видеролик түсірді. «Көк-Жайлау» видеоролигының авторы Алдияр Байқаримов байқаудың қола жүлдегері атанып, 300 мың теңгені қанжығасына байлады.

Байқау туризм жайлы әуесқой контентке әсер ете алды. Оның саны көбейе бастады. Соңғы деректерге сәйкес, видеожұмыстар 300 000-ға жуық қаралым жинаған.

Блог – саяхат

Әлемнің 13 елінен келген 35 шетелдік блогер, Қазақстан туралы видеолардағы 2,4 миллион қаралым, 146 жазба, 8,6 миллион желі қолданушыларын қамтыған 693 сторис – міне, бұл республиканың 5 аймағында 17-23 тамыз аралығында өткен блог-саяхаттың нәтижелері.

Көлемді саяхат Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы секілді еліміздің ең көрнекі жерлерін қамтыды.

Блог-саяхат аясында қатысушылар әлеуметтік желілердегі парақшаларында live жүйесінде Қазақстан туралы пікірлерімен алмасып, өз арналары мен IGTV-де видеоесеп жариялады.

Блог саяхаттың негізгі мақсаты – Қазақстандағы туризмді таныту, шетелдік аудиторияны қызықтыру, халықаралық аренада елдің туристік брендін қалыптастыру, туризмді дамыту.

Осылайша, австралиялық YouTube-блогерлер, Flying The Nest арнасының авторларының Алматы жайлы ролигі 140 мыңнан астам қаралым жинап, жүздеген жағымды пікір жинаған.

Танымал видеохостинг қолданушылары «Своим ходом» арнасындағы Нұр-Сұлтан жайлы влогты 190 мың рет қараған. Instagram-да Қазақстан жайлы жазбалар мыңдаған лүпіл жинады.

«Қазақстанды тану отырып» форумының блогерлері

«Қазақстанды аша отырып» халықаралық блогерлер форумы жобаның шарықтау шегі болды. Ол екі күнде 4,5 мыңға жуық қатысушыны, соның ішінде жаңадан бастап келе жатқан блогерлерді тартты. Форум жалпы есеппен 19,4 млн қаралым жинады. Форум Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның хедлайнерлері «Артымнан ер» жобасының авторы Мұрат Осман және саяхатшы блогер Луи Джон Коул, сонымен қатар Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Италия, Ресей, Тайланд, Үндістан, Греция, Оңтүстік Корея, Түркия, Филиппин және Канададан келген танымал блогерлер болды. Форумға қатысушылардың қызығушылығын қазақстандық блогерлер де оятты.

Форум алаңында цифрлық БАҚ, блогингті дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу өтті, 20 презентациялар мен панельдік сессиялар және 10 шеберлік сабақтар өтті.

Блогер тобы

«Қазақстанды тану отырып» жобасының маңызды нәтижесі Қазақстанның әр аймағынан келген блогерлердің бірыңғай тобын құру болды, оның құрамына еліміздің 14 аймағынан 233 блогер кірді. Блогерлерді іздеуге және жіктеуге ыңғайлы болу үшін сайт-каталог құрылды, онда кез келген жарнама беруші 7 параметр бойынша бірлесіп жұмыс істеу үшін блоггерді таңдай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1829410-kazakstandy-asa-otyryp-zobasy-kazakstanga-ne-berdi/

pixel