RU
Концертінен қалмайтын жанкүйер әжеймен кездескен Ернар Айдар елді тәнті етті

Концертінен қалмайтын жанкүйер әжеймен кездескен Ернар Айдар елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Ернар Айдар концерттерінен қалмайтын егде жастағы жанкүйеріне жылы лебіз танытып, елді сүйсіндірді. Өнер иесі өзі ауырып қалған кезінде оның қалын алғашқылардың бірі болып білген сол әжей екенін айтты. Қарт кісі белгілі әртіске тіпті тамақ пісіріп әкелген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ернар Айдар өмірінің ыстығы мен суығында да қолдау көрсетуді тоқтатпаған апаға бұл жолы концертіне билетті арнайы өзі апарып берген. Әжейдің мекен-жайын іздестіріп тауып алған әнші оның қал-жағдайын біліп, үйінде қонақ болып қайтқан.

Өнер иесінің қарт жанкүйері үшін бұл нағыз күтпеген тосын сый болған. Ернар Айдар табынушысымен қауышқан сәтінің видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған.

"Мені танығалы, Алматыда және Қаскелеңде өткен барлық концерттерімнен қалмай, гүлін беріп, мен ауыр хәлде жатқанымда, мәнтісін пісіріп менің жағдайымды сұрап келіп, көзіне жас алып менің амандығымды тілеген, Қалқаш апамды танитын шығарсыздар?
Бұл жолы, 20- желтоқсан Алматы аренада болатын концертіме, Апамды іздеп тауып, үйіне арнайы барып шақыру билетін беріп, апама сыйлықтарымды сыйлап, ақ батасын алып қайттым. Өз баласындай көріп, дұға тілеп тілеуші болып отыратын барша Әке мен Аналарға алғысым шексіз. Баршаңызға көп рахмет. Аман болыңыздар" , - деп жазды ол.

Әртістің қылығына тәнті болған желі қолданушылары оған оң пікірлерін білдіріп, алдағы концертіне сәттілік тілеген.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel