RU
Қазақстан құрамасының мүшесі еуропалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды

Қазақстан құрамасының мүшесі еуропалық клубтың ең қымбат футболшысы атанды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков польшалық "Висла" командасына ауысып, аталған клубтың ең қымбат футболшысы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Transfermarkt ақпары бойынша, қазақстандық футболшы 1,2 млн еуроға (жарты миллиард теңгеден астам) бағаланған. Осылайша, Жуковтың бағасы польшалық "Висла" футбол клубы ойыншыларының арасында ең қымбат саналып отыр.

Аталған командада өнер көрсететін Польша ұлттық құрамасының жұлдызы Якуб Блащиковскидің бағасы қазақстандықтан 200 мың еуроға төмен. Ал үшінші орында – тағы бір жартылай қорғаушы Вулнет Баша. Оның трансферлік бағасы 750 мың еуроны құрайды.

Айта кетейік, Георгий Жуков Краковтың "Висла" футбол клубымен бір жылға келісім шартқа отырды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жартылай қорғаушы аталған команда сапында өнер көрсетеді. Бұған дейін ол Алматының "Қайрат" командасында ойнаған.

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы турында Шотландиямен кездесіп, 3:1 есебімен ұтылып қалды.

Сырт алаңда өнер көрсеткен ұлттық құрама ойыншылары есепті бірінші болып ашқанымен, басымдықты ұстап тұра алмады. Матчтың екінші таймында қарсыластар жауапсыз үш гол соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен турнир кестесінің 4-ші орнына тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel